Кәрім Мәсімов Қырғызстан Үкіметінің басшысы Жоомарт Оторбаевпен кездесті

Кездесу барысында сауда-экономикалық сферадағы екі жақты өзара іс-қимылдың қазіргі жайы мен перспективалары қаралды. Атап айтқанда, тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның энергетикалық сала, агроөнеркәсіптік кешен, қаржы-инвестициялық сфера сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Кездесу қортындысы бойынша Үкімет басшылары іскерлік әріптестікті кеңейту үшін екі елдің үлкен перспективасы бар екенін атай отырып, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдете түсу қажеттігіне тоқталды.