Кәрім Мәсімов Ресейге жұмыс сапары барысында В.Путинмен және М.Мясниковпен кездеседі

Сапар барысында РФ Үкіметінің Төрағасы Владимир Путинмен, Беларусь Премьер-Министрі Михаил Мясниковпен кездесулері жоспарланып отыр.

ҚР Премьері сондай-ақ «Кеден одағынан Бірыңғай экономикалық кеңістікке: бизнес мүдделері» тақырыбын арқау еткен конференцияның ашылуына қатысады, Дубна қаласындағы Біріккен ядролық зерттеулер институтының жұмысымен танысады және РФ федералдық органдарының басшыларымен кездеседі.