Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, таныстыру кезінде Кәрім Мәсімов "Сарыарқа" ӘКК алғашында пилоттық жоба болғанын, оның қалған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар үшін үлгі болатынына сенетінін", атап өтті.
Сонымен қатар, үкімет басшысы Қазақстан президенті 2008 жылғы 14 ақпанда үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар алдына жаңа міндеттер қойғанына" тоқталды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Вадим Зверьков 1969 жылы туған. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1992 жылғы қаңтардан дипломатиялық қызметте.
Ол әр жылдары ҚР СІМ екінші департаменті директорының орынбасары, халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры, ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР Сыртқы істер министрлігінің инвестиция жөніндегі комитет төрағасы, ҚР Сыртқы істер вице-министрі қызметтерін атқарған.
"Сарыарқа" ӘКК-ке тағайындалғанға дейін Қазақстанның Израильдегі және Каирдағы елшісі болып еңбек еткен.