Кәрім Мәсімов Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр

Бұл туралы премьердің Facebook-тағы блогына жазылды.

«Премьер-министр «Жылукоммунэнерго» кәсіпорнының 1-Жылу-электр орталығында болып, энергетикалық кешен кәсіпорнының қысқы маусымға дайындығымен, сондай-ақ Семей жылу жүйесін модернизациялау және қайта құрылымдау бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты»,- делінген блогтағы жазбада.

«Бүгін Премьер сондай-ақ Курчатов қаласында болды. «Ұлттық ядролық орталық» кәсіпорнының жұмысымен танысты», - деп атап көрсетіледі үшінші жазбада.