Кәрім Мәсімов жаңа алюминий зауытын салуға дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

"Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне глинозем кенішін "Тобыл" ӘКК-ына беруді, бұл Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізуді және қысқа мерзімде Қостанай облысында тағы бір алюминий зауытын салу жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын,- деді Кәрім Мәсімов.

"Бұл тапсырманың орындалуын қадағалау сіздің міндетіңіз", - деді ол еліміздің индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақовқа қаратып айтқан сөзінде.

Индустрия және сауда министрінің айтуынша, Қостанай облысындағы боксит кеніштерінің негізінде жаңа алюминий зауытын "Тобыл" ӘКК-ның қатысуымен салу жөніндегі жоба министрліктің түсті және қара металлургиялық өңдеу саласында жаңа өндірістер құру іс-қызметіндегі басымдықтардың бірі болып табылады.