Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz- ке сілтеме жасап хабарлайды.
Tengrinews.kz-тің жазуынша, ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растаған.
"ҰҚК К.Мәсімовке қатысты ҚР ҚК-ның 218-бабы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)" және 366-бабы "Аса ірі көлемде пара алу" бойынша соталды тергеп-тексеруді жалғастырып жатқанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Комитет Қылмыстық-атқару кодексінің 92-бабы 3-бөлігіне сәйкес Мәсімов прокуратураның санкциясымен қылмыстық іс шеңберінде бірқатар тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторына қалдырылғанын айтты.