Ал ұлына не тілейтінін әнші "Время" газетіне айтып берген.
- Ұлымның тәрбиелі адам, отбасына, балалары мен достарына жауапкершілікпен қарайтын нағыз еркек болып өскенін қалаймын. Біреулер бұл тілектің түк ерекшелігі жоқ қой дейтін шығар. Бірақ бұны босқа айтқан жоқпын. Мен ұлымның әкесі - Артем Арутюнянның еркекке лайық емес әрекетінен, опасыздығынан аузым күйген адаммын ғой. Ол өз баласынан екі айлық кезінде ресми түрде бас тартты. Оның бұл әрекетіне тағы бір еркек сияғы жоқ адам - туған бауыры Самвел қолдау көрсетті. Сондықтан әлгіндей қасиеттер өте маңызды деп есептеймін. Олар өмірде сирек кездеседі, - дейді Карина Абдуллина.