Серпе көтеруде жерлесіміз бірінші мүмкіндігінде 132 келіні бағындырса, екінші және үшінші мүмкіндігінде 137 келіні көтере алмады.
Ал осыған дейін алғашқы жаттығуда ол бірінші мүмкіндігінде 107 келіні бағындыра алмады. Ал екінші мүмкіндігінде тура осы салмақты қиналмай бағындырды. Үшінші мүмкіндігінде 111 келі зілтемірді басынан асыра көтерді.
Міне, осылайша бүгін Қазақстан қоржынына үшінші қола медаль түсті.