Ол қазақ қыздарының кәрістерге күйеуге тиіп жатқаны жайлы желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Негізі дайректке көп хат келеді, Назым Кореяда тұрмысқа шыққан қазақ қыздар көп екен ғой деген мағынада. Иә, шынында сіздер білмейтін қазақ қыздары өте көп кәріс азаматына тұрмысқа шыққан. Барлығы да бақытты болуға лайықты.
Өзім Кореяда тұрып тұрмысқа шыққан қыздарын сырттарынан танығанмен,араласып,кездесіп көрмеппін. Тек жаныма жақын тартып,бірінші рет бір қызға жазып үйге шақырған Жансая ғана болды. Өте күшті қыз, кішкентай болса да бір отбасына ұйытқы болып, шамын жағып отыр. Аяулы ана, аяулы жар болып.
Әр қазақ қызы қай ұлтқа тисе де ең бастысы жыламай, тек бақытты баянды ғұмыр кешсе екен деп тілеймін. Кореяда менен басқа да блогер қазақ қыздары өте көп, әркімнің өз оқырманы өз контенті бар.
Негізі сіздің ойыңыз қандай, шет ел азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қыздарын қолдайсыз ба? Қызыңыз егер шет ел азаматына тұрмысқа шығамын десе қалай қарайсыз, келісім бересіз бе?," - деп
жазды ол.