Жазбада малдың қырылуы мүмкін екені жазылған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы "Адырна" -ға сілтеме жасап.
Қарқаралы ауданының әкімдігі мал шығынына қатысты деректер тіркелмегенін мәлімдеді. Бүгінде дала өртін жою үшін барлық шара қабылдануда.
24.kz арнасының мәліметінше, мал шығыны туралы еш ақпарат жоқ.
"Теректі ауылында ТЖ жөніндегі вице-министрдің қатысуымен жедел штаб ашылды. Өртті жою бойынша барлық шара қабылдануда. Күш пен қаражат жеткілікті. ЖЖМ толығымен қамтамасыз етілген. Құтқарушыларға тамақ пен су жеткізілуде. Қазіргі уақытта мал шығыны туралы ақпарат жоқ. Алайда біз барлық фермермен байланыстамыз", – деді тілші Әділжан Арғынов.
Айта кетейік, Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы және Павлодар облысының Баянауыл табиғи паркіндегі дала өрті 45 мың гектар жерге тарап үлгергенін жазған едік.