К.Арреола мен Б. Стиверн WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына таласады


Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің шешімімен Виталий Кличко құрметті чемпион атағына ие болды. Дүйсенбі күні украиндық Виталий Кличкоға тиесілі әлем чемпионы белбеуінің орны бос деп жарияланды. Егер ол кәсіби рингке қайта оралар болса, онда WBC нұсқасы бойынша белдіктің болашақ иесімен бірінші болып жекпе-жекке шығады. Кличко 2015 жылдың басында өтетін Украинадағы президент сайлауына қатысуға ниетті.