Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды.
"Мен білетін Нұрлыбек Нәлібаевтің басқару әдісі сондай: сөз емес істің адамы, өндірістік жұмыстың көзін таниді, нақты талап қоя біледі, қатаң тәртіп сақтамаса қатал шара қабыллайды.
Қызылордада нәтижеге жету құпиясы сол. Енді Президент сенім артып Үкіметке Бірінші вице-Премьер болып тағайындалғасын , енді республикалық деңгейде өз қабілетін мемлекеттік мақсатқа ел мүмкіндігін жұмылдыру керек. Әрине қарсы шығатын топтар пайда болуы мүмкін.
“Мафиялар” жетеді… Қоғам болып қолдап қояйық.
Сосын тағы бір ой - Үкімет басында осылай таза қазақша ойын жеткізетіндер көбейсін. Сонда қоғам биліктің іс әрекетін түсінеді, бірге маұсатқа жетуге атсалысады", - деп жазды ол.