"Қартайғада қылық шығарды": Ләйлә Сұлтанқызы тағы да ел назарын өзіне аударды

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Cоңғы кездері ерекше образымен елдің қызу талқысына түсіп жүрген Ләйлә Сұлтанқызы тағы да күтпеген мәлімдеме жасады.

«Кәрі құтырса — жұт болады», «Қартайғанда қылық шығарды», «Жасқа жарасқан – кәріге ұят,«Жасына сай емес қылық», «Ұялмай ма, немере сүйер жасқа келді», «Кеш қалды енді бұған», «Шошаң-шошаң етіп не болды», «Жастық шағын өткізіп алып, енді есін жиды ма»,«Ақыл тоқтатар жаста ғой», «Әйел адамға ауырлау енді бұл», «Қартайғанда қыз қуғандай» (кейде әйелдерге де айтылады), «Өзін жас қыздай ұстайды», «Жасы келгенін мойындағысы келмейді».

Менің әрекетім қазақилығымның өлшемі емес. Ана ретіндегі рөлімнің бағасы емес. Ата-анама қандай бала екенімнің дәлелі емес. Бұл — менің еркіндігім. Бұл — менің жұмысым. Бұл — менің нәпақам", - деп жазды ол.