Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Түркістан облысының Өргебас ауылында бір әулет боздап қалды. Енді 2 айдан соң әскерден келеді деп күткен ұлдың өзі емес денесі қорғасын табытпен оралды.
"Денесін ашуға, көруге болмайды. Сарбаз нарядқа түскен күні сейфті жұлып ашып, қарумен өзін-өзі атып өлтірген, өзім шоктамын" деп жеткізді қаралы хабарды бөлім командирі анасына
Аңырап әке, есінен танып анасы қалды.
Абай облысы, Жаңғызтөбедегі 47007 ә/б қатардағы сарбаз Қазыбек Оспанов 23.01.2026 қайтыс болды. Денесімен бірге жеткен медициналық анықтамада: очаговая травма головного мозга деп көрсетілген. Марқұм отбасындағы 5 баланың кенжесі еді…
P.S. Әскердегі өлім қашан тоқтайды? Соғыссыз, бейбіт күнде ажал құшқан сарбаздардың өлімін кім тоқтатады”, - деп жазды журналист.