Оның айтуынша, бұл қарыздан күйеуі Арсен бейхабар, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Осы нәрсе маған жүк болып кетті. Әрдайым осы істеп жатқан нәрселерімді Арсеннің білмегені маған бататын еді. Негізі Арсен тастамайды ғой. Құдай сақтасын, ажырасып та кетпеймін. Бірақ, білмеймін. Себебі, біз 3,5 млн-ға ажырасып кеткен адамбыз. Ажырасып, қосылған… Қазір не болатынын да елестете алмаймын”, - дейді ол.
Блогер күйеуінен жасырған құпиясын түсінбеген оқырмандарына 200 млн-ға қарызға батқанын жазған.