Қаржы министрлігінен хат келсе не істеу керек?

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылдың I тоқсанындағы банк операциялары бойынша кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері анықталған жеке тұлғаларға ақпараттық хаттар жолдағанын хабарлады.

Хаттар келесі үш белгі бір мезгілде анықталған азаматтарға жіберіледі:

Мұндай хатты алу азаматтың жауапкершілікке тартылғанын білдірмейді. Бұл салық заңнамасының талаптарына сәйкес өз қызметін өз еркімен ретке келтіруге мүмкіндік береді.

Егер сіз осындай хат алып, шын мәнінде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болсаңыз, алынған табысты заңдастыру қажет:

Салық төлеушінің мәртебесіне байланысты табыс төмендегідей көрсетіледі.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға (мобильді қосымша арқылы чек қалыптастырылмаған сомалар бойынша) табыс 2026 жылға арналған Кірістер мен мүлік туралы декларацияда (270.00-нысан) көрсетілуі тиіс.

Декларацияны 2027 жылғы 1 қаңтар мен 15 қыркүйек аралығында тапсыру қажет. Жеке табыс салығын 2027 жылғы 25 қыркүйекке дейін төлеу керек.

Жеке кәсіпкерлер үшін:

Жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатындар табысты 2026 жылға арналған Кәсіпкерлік қызмет бойынша жеке табыс салығы декларациясында (220.00-нысан) көрсетуі тиіс.

Декларацияны 2027 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында тапсыру қажет. Салықты төлеу мерзімі – 2027 жылғы 10 сәуірге дейін.

Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатындар табысты 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған 910.00-нысандағы декларацияда көрсетуі қажет.

Декларацияны 2026 жылғы 1 шілде мен 15 тамыз аралығында тапсырып, салықты 2026 жылғы 25 тамызға дейін төлеу керек.

Егер жүргізіліп жатқан қызмет кәсіпкерлік сипатқа жатпаса немесе алынған хатқа қатысты сұрақтарыңыз болса, 1414 байланыс орталығына немесе мемлекеттік кірістер органдарына жүгініп, түсіндірме алған жөн.