Қазақстан қор биржасының (KASE) дүйсенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы жұмамен салыстырғанда 0,09 теңгеге өсіп, 1$ құны 152 теңге 24 тиынды құрады.
Жұмадағы орташа бағам 1 доллар үшін 152 теңге 63 тиын.
KASE мәліметтеріне сәйкес, дүйсенбідегі сауда-саттық көлемі 168,2 млн долларды құрады, жұмада 293,4 млн доллар болатын.
Сауда-саттыққа 23 банк қатысты.
Ресми бағам анықтау тәртібіне сәйкес, 19-тамыз теңгенің долларға шаққандағы бағамы 1$ үшін 152 теңге 63 тиын.