KASE биржасының сәрсенбідегі сауда-саттығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы

 Қазақстан қор биржасының (KASE) сәрсенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы сейсенбімен салыстырғанда 0,55 теңгеге төмендеді. KASE мамандарының хабарлауынша, бүгінгі сауда-саттық нәтижесінде 1 доллар құны 153 теңге 45 тиынды құрады.


           Сейсенбідегі бағам: 152 теңге 90 тиын.
           KASE мәліметтеріне сүйенсек, сәрсенбідегі сауда-саттық көлемі 135,65 млн долларды құрады. Сейсенбідегі сауда-саттық көлемі 210,1 млн доллар болатын.
           Сауда-саттыққа 20 банк қатысты.
           Ресми бағамды белгілеу тәртібіне сәйкес, 26-қыркүйекте теңгенің долларға шаққандағы бағамы: 1$ үшін 153 теңге 45 тиын.