KASE биржасының сейсенбідегі сауда-саттығында теңгенің долларға шаққандағы бағамы

Қазақстан қор биржасының (KASE) сейсенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы бейсенбімен салыстырғанда 0,28 теңгеге төмендеді. KASE мамандарының хабарлауынша, бүгінгі сауда-саттық нәтижесінде 1 доллар құны 153 теңге 37 тиынды құрады.


           Дүйсенбідегі бағам: 153 теңге 09 тиын.
           KASE мәліметтеріне сүйенсек, сейсенбідегі сауда-саттық көлемі 53,5 млн долларды құрады. Дүйсенбідегі сауда-саттық көлемі 67,15 млн доллар болатын.
           Сауда-саттыққа 22 банк қатысты.
           Ресми бағамды белгілеу тәртібіне сәйкес, 11-қыркүйекте теңгенің долларға шаққандағы бағамы: 1$ үшін 153 теңге 37 тиын.