Қазақстан қор биржасының (KASE) сейсенбідегі сауда-саттығында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы дүйсенбімен салыстырғанда 0,05 теңгеге артты. KASE мамандарының хабарлауынша, бүгінгі сауда-саттық нәтижесінде 1 доллар құны 153 теңге 33 тиынды құрады.
Дүйсенбідегі бағам: 153 теңге 38 тиын.
KASE мәліметтеріне сүйенсек, сейсенбідегі сауда-саттық көлемі 85,85 млн долларды құрады. Дүйсенбідегі сауда-саттық көлемі 53,7 млн доллар болатын.
Сауда-саттыққа 20 банк қатысты.
Ресми бағамды белгілеу тәртібіне сәйкес, 18-қыркүйекте теңгенің долларға шаққандағы бағамы: 1$ үшін 153 теңге 33 тиын.