KASE: Доллар бағамы қайта көтерілді

Бұл туралы Caravan.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 7 қыркүйек кешімен салыстырғанда 0, 70 өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 426, 23 теңге болды. Ұлттық банктің 8 қыркүйектегі ресми бағамы -1 доллар үшін 425,47 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 426,03 теңгеден сатылса, сатып алу - 427,55 теңге.


Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 425,55 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 426,66 теңге.