KASE күндізгі сессиясы: 1 АҚШ доллары - 336,49 теңге

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

- есептесуі Т+1 теңгемен (USDKZT_TOМ) АҚШ доллары бойынша орташа сараланған бағамы 336,49 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 21 600 мың АҚШ долларын құрады;
- есептесуі Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; - есептесуі Т+0 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте сұраным бір еуроға 366,70 теңгені құрады, ұсыным болған жоқ;
- есептесуі T+0, Т+1 және Т+2 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;
- есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,0961 теңгені құрады, сауда- саттық көлемі 85 000 мың рубль болды.
Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 336,73 теңгені (+1,25) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 41 300 мың USD (-35 700 мың).
Валюталық своп операциялары нарығында:- USDKZT_1_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте сұраным жылдық +14,0000 %, ұсыным +13,0000 % құрады;

- EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ.


Сауда-саттыққа 22 банк қатысты.