KASE қор биржасында бүгін теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы 0,24 теңгеге артты

Қазақстан қор биржасында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы бүгін сейсенбімен салыстырғанда 0,24 теңгеге артып, 152,85 теңгені құрады, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне қор биржасы мәлімдеді.


           Сейсенбі күні орташа бағам 1 доллар үшін 153,09 теңге болды.
           Cәрсенбі күні АҚШ долларымен сауда-саттық мөлшері 188,7 млн $, cейсенбі күні 124,65 млн $-ды құрады.
           Сауда-саттыққа 22 банк қатысты.
           14 тамызда ресми бағам 1 $ үшін 153,09 теңгені құрайды.