KASE қор биржасында бүгін теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы

Қазақстан қор биржасында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы сейсенбі күні 0,06 теңгеге төмендеп, 153,29 теңгені құрады, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне қор биржасы мәлімдеді.


           Дүйсенбі күні орташа бағам 1 доллар үшін 153,23 теңге болды.
           Сейсенбі күні АҚШ долларымен сауда-саттық мөлшері 77,4 млн $, дүйсенбі күні 51,2 млн $-ды құрады.
           Сауда-саттыққа 20 банк қатысты.
           3 қыркүйекте ресми бағам 1 $ үшін 153,23 теңгені құрайды.