KASE таңертеңгілік сессия: 1 АҚШ доллары - 328,07 теңге


Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 328,07 теңгені (-2,34 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 71 700 мың АҚШ долларын (+5 800 мың USD) құрады.

Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі T+0 теңгемен еуроның орташа сараланған бағамы бір еуроға 374,00 теңгені, ал сауда-саттық көлемі - 150 мың еуроны құрады.

Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ. Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. 

Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 50,6200 теңгені (-1,1267 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі - 500 мың юаньді (+200 мың юань) құрады. Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.