Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 20 мүшесі қатысты. Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 372,80 теңгені (-8,36 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 201 300 мың АҚШ долларын (+116 250 мың USD) құрады.
Есептесуі T+0 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані 56,4183 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі - 600 мың юань (+600 мың юань) болды.