KASE таңертеңгілік сессиясы: 1 доллар = 329,21 теңге


Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады. Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 18 мүшесі қатысты, деп хабарлайды биржаның баспасөз қызметі.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 329,21 теңгені (+1,55 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 12 350 мың АҚШ долларын (-59 350 мың USD) құрады. Есептесуі T+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ. Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылу сәтіне сұраным бір юаньға 50,8300 теңгені (+0,2100 теңге) құрады, сауда-саттық көлемі - 200 мың юаньді (-300 мың юань) құрады. 
Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.