КASE: таңертеңгілік сессиясының қорытындысы бойынша доллар бағамы 145,48 теңге

Аталған санаттар үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Саудаға қор биржасының «валюталық нарық мүшесі» санатындағы 16 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап.

АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен 145,48 теңгені, ал сауда көлемі 70 450 мың долларды құрады. Бұған дейінгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда доллар бағамы 0,01 теңгеге арзандап, сессия көлемі 29 950 мың долларға өсті.

Т+0 теңге есебімен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кездегі еуроның бағамы 213,00 теңгені құрады.

Т+0 доллар есебімен еуро бойынша да мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар кезде баға белгіленімі болған жоқ.