KASE-нің кешкі сессиясы: доллар 182,05/182,12 теңгеге тең

Бүгін KASE-де USDKZT_SPT, EURKZT_SPT және EURUSD_SPT бойынша сауда Қазақстанда 1 мамыр мерекелі күн  болуына және демалыс күні 4 мамырдағы жексенбіден 2 мамырға, жұма күніне ауыстырылуына байланысты өткізілген жоқ. Бүгін саудаға KASE-нің валюталық нарығының 6 мүшесі қатысты, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.

Т+1 есебімен АҚШ доллары бойынша мәміле жасалған жоқ. Сессияның жабылу сәтінде сұраныс бір АҚШ доллары үшін 182,05 теңгені, ұсыныс - бір АҚШ долларына 182,12 теңгені құрады.


Т+1 есебімен еуро бойынша теңгемен және АҚШ долларымен мәміле жасалған жоқ. Сессияның жабылу сәтінде баға белгіленімі болған жоқ.