Кәсіпкер әйелді өлтірген ағалы-қарындас ұзақ жылға сотталды

Бір жыл тергелген істің материалдарына қарағанда, былтырғы тамызда ұшты-күйлі жоғалған 57 жастағы Балапия Қашымованың үйінен 50 мың доллар ақша ұрланған. Кейін кәсіпкер әйелдің денесі табылып, басты күдікті ретінде оның жүргізушісі, 37 жастағы Аслан Сәрденешев қамалған болатын. Арнайы жүргізілген сараптама марқұмның азаптап өлтірілгенін көрсеткен. Қанды оқиғаға күдікті азаматтың туысы Гүлнәр Қарабаеваның да қатысы бар екені анықталған. Ағалы-қарындасты алаяқтар бұған дейін иелері қайтыс болған үш пәтерді сатып жіберген. Қылмыскерлердің бұл әрекеттеріне куә болған 50 жастағы ер адамның да денесі қала сыртынан табылғанын айта кетейік. Естеріңізге салсақ, Балапия Қашымованың мәйіті өткен жылы тамызда Павлодар ауданында өрт сөндіру барысында табылған болатын. Басына полиэтилен пакеті кигізілген марқұмның мүрдесі шұңқырда жатқан.

Наталья Лопатина, Павлодар облыстық прокуратурасы оныншы басқармасының прокуроры:

-  Күдіктілердің адамды сонша азаптағаны жағамызды ұстатты.Әйелдің басын, денесін орап, шұңқырға сыймаған аяқтарын шауып тастаған.  

Loading...