Айыпталушылардың 5-і Қазақстанның әр аймағынан келгендер, тек қарақшылық шабуыл жасағандарды тасыған такси жүргізушісі Шымкенттік болып шықты. Естеріңізге сала кетсек, наурыз айында кәсіпкер Камалжан Ариповтың үйіне баса-көктеп кірген қарақшылар кәсіпкердің өзін, бала-шағасы мен әйелін соққыға жыққан болатын. Ауыр жарақатынан 49 жастағы үй иесі мен ұлы тілге келместен көз жұмса, қызы мен әйелі ауыр жараланған. Қарақшылар кейін үйдегі алтын бұйымдармен сейфтегі ақшаны алып, із суытыпты. Жәбірленушілер қазір бұл алтауына да ең ауыр жаза кесуді талап етіп отыр.
Гүлнар Арипова, жәбірленуші:
- Бәрі әділ болсын деймін. Заңды болсын деймін. Басқа ештеңе айта алмаймын. Менің баламмен, күйеуімнің қаны қоймасын оларды.