Кәсіпкер Қайрат Құдайберген қазақ қыздарының ақшаға шешінгеніне жігіттерді кінәлады

Бұл туралы stan.kz мәлімдеді. 

«Өз-өзін сор қылған қайран қазағымның “жігіті”. Қарындасының артынан қарамай, тек намысын қор қылған қазағымның “жігіті”.

Анасының қамын емес, тоқалының қамын ойлаған арсыз қазағымның “жігіті”… Аянбай шындықты айтқанда, қашып, осы сөздерді сөгіске салатын “жігітім”. Болған қыздың артынан мақтанып, балағат айтатын “жігітім”.

Базардағы қатындар секілді өсек тасып біреудің артынан жаман айтып, айып салатын “жігітім”. Жоқ болса бере алмайтын, бар болса көре алмайтын “жігітім”. Əй қазақтың жігіті! Айтқан шындығыма ренжімей, ботагөз қарындастарымыздың арын сақтайық!

Рухани жаңғыру қалтадан емес, намыс пен арыңды сақтаудан басталады! Əр қазағым жалғызым, əр қазақтың әйел адамы қарындасым! 50 000 теңге үшін бөксесін жалтыратып түнгі клубта тыр-жалаңаш шешінген қарындастарымыздың күнəсі зор, бірақ осыны сол жерде бола тұра жол берген қазақ жігіттерінің күнəсі бұдан да мол.


Әрине əр адамның өз басы бар деп қол сілтей салуға болады, бірақ бұндай жағдайда: Қазақтың қызысың ғой! Ұятың қайда?! Арсыз жезөкше! деп балағаттап, сөгіске салудың керегі жоқ.

Бұндай қазақилық бес тиынға да тұрмайды. Бұндай жағдайда өз артыңа жəне үйдегі қарындастарыңның артынан қарау абзал.»,-деп жазды кәсіпкер Қайрат Құдайберген.