Кәсіпкер қарызын қайтармағаны үшін әріптесін атып өлтірді


Оқиға Петропавлдағы орталық сауда үйлерінің маңында тапа-тал түсте болған. Мерт болған 47 жастағы кәсіпкердің мүрдесі өзінің шетелдік көлігінің ішінен табылды. Араға бір сағат салып, қалалық ішкі істер бөліміне 41 жастағы ер адам келіп, осы қылмысты мойнына алған. Оған дәлел ретінде- шолақ аңшы мылтығын алып келді. Айтуынша, кәсіпкер одан бұрындары қомақты соманы қарызға алған. Бірақ соңғы кездесуде қарызын қайтарудан үзілді-кесілді бас тартыпты. Бұған ызаланған күдікті борышкердің тура басынан атқан.