Кәсіпкер Сырымбек Тау еліміздегі мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратты (ВИДЕО)

Сонымен қатар індеттен сақтану мақсатында медициналық маска мен антисептикті де тегін таратты. Әлеуметтік желі арқылы басқа да кәіспкерлерге ой салып, челленджді жалғастыруды ұсынған-ды.

Бүгін де карантин жалғасуына байланысты “Metro” сауда орталығымен бірігіп, жағдайы төмен, нәпәқасыз қалған отбасыларына азық-түлік таратып мол сауапқа ие болуда. Мұнда өнер жұлдыздары да атсалысты. Сәуір айының өзінде 6000-дай отбасыға (160 000 кг азық түлік) көмек берілген болса, 5400 отбасыға “Жақсылық жәшігі” жолданған, ал 380 отбасыға ақшалай жәрдемдесті.

Кәсіпкер енді бірнеше жанашыр жомарт жандармен бірге кеше ғана су тасқынынан зардап шеккен Мақтарал халқына көмек көрсетуде. Аталмыш сауда орталығымен бірігіп Сырымбек Тау бастаған азаматтар Мақтарал ауданындағы халыққа 20 тоннаға жуық азық-түлік жіберілгені белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы өз үндеуінде бүкіл халықты жұдырықтай жұмылуға шақырып, қиындықты отандастарымызбен бірге еңсеретінімізге сенімген білдірген болатын.