Бұл деректі БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі растап отыр. Толық мәлімет кейінірек берілетін болады.
Еске сала кетейік, 13 қаңтарға қараған түні Зеленов ауданы Калинин ауылында В.Каркуланы белгісіз біреулер үйіне баса-көктеп кіріп, басынан мылтықпен атып, өлтіріп кеткен болатын. Басынан ауыр жарақат алған кәсіпкердің зайыбы Валентина Каркула қазіргі таңда облыстық ауруханадан шықты. БҚО ішкі істер департаменті кәсіпкерді өлтіруге жүргізушіні қосқанда төрт адам қатысты деп мәлімдеген еді.
Аталмыш оқиғаға байланысты Астана қаласынан арнайы тергеу тобы да келген болатын. Қалған күдіктілерді іздестіру жұмысы жалғасуда.