Кәсіпкердің ақшасына үйін жөндеткен Қарағанды әкімі қамауға алынды


Мына екі қабатты үйдің құрылысын жүргізген «ЮТЕКС» компаниясы әкімнің әлімжеттік жасағанын айтып қаржы полициясына шағымданған. Экс- шенеунікке үй салғандар мемлекеттік тапсырыстан қағылу қаупін сезінгендіктен үнсіз бас изеп, қалталарынан 5 миллион теңге қаражат шығарғандарын жайып салыпты. Смағұлов әзірге қылмыстық кодекстің 132 бабына сәйкес 3 күнге қамауға алынып, бұлтартпау шарасы қолданылуын күтіп отыр. Мейрам Смағұлов биылғы 24-ші маусымда өз еркімен жұмыстан кеткен-ді. Ал Қарағанды облысын басқарған Бауыржан Әбдішев қала орталығындағы жерді заңсыз сатты деген айыппен өткен аптада қамалған болатын.