Кәсіпкерлер заң жобаларының жасалу барысына атсалысуы тиіс, сонда ғана олар заң шығару процессі қалай жүзеге асырылатынынан хабардар болады,- деді президент. "Бизнес мемлекеттің мүддесін де ескеруі тиіс",- деп атап көрсеткен Елбасы өз сөзін одан әрі былай деп сабақтады : "әртүрлі сын айтып мін тағудан, байбалам салудан нақты іске ден қоятын мерзім жетті". "Сіздер үздіксіз тексерулерден көз ашпаймыз деп шағым айтасыздар, бірақ қазір бұрынғыдай ауқымды тексерулер тыйылған жоқ па!",- деп мәлімдеді Елбасы.
"Қазір шетелдік капитал иелері Қазақстан экономикасына қаржы жұмсауға әзірлік танытып отыр,- деді Н.Назарбаев,- бірақ бізде бұл тұрғыда ойдағыдай ұсыныс болмай тұр ". "Бір-бірімізді сынап-мінеуден гөрі нақты іске көшейік",- деп қорытты кәсіпкерлерге арнаған өз сөзін Н.Назарбаев .