Кәсіпкерлер кәсіпқой теннисшілерге қарсы ойнайды


Оған Болат Өтемұратов, Нұрлан Смағұлов сынды еліміздің қалталы кәсіпкерлері, сондай-ақ, Украина, Ресейдің бизнесмендері қатысады. Теннис турнирі мамырдың 29-ы мен 31-і аралығына жоспарланған. Жарысқа қатысушы бизнесмендер бір-бірімен, әрі әлемдік додада топ жарып жүрген кәсіпқой теннисші қыздармен де сайысқа түседі. Жүлде қоры 4 миллион теңгені құрап отыр. Десе де, жарысты ұйымдастырушы Forbes Kazakhstan журналының ұжымы ешкімнің сыйлықсыз қалмайтынын айтады.