"Кәсіпкерлердің құқығы тапталып жатқан жәйттер бар. Прокуратура анықтағанындай 2007 жылы кәсіпкерлік саласында 4 мың заң бұзушылық анықталды, 853 шаруашылық субьектілердің қызметтеріне заңсыз тексерулер жүргізілген. Прокуратура кәсіпкерлердің құқығын бұзған мемлекеттік органдары шығарған 264 заңсыз актіні жойды және өзгертті", - деп хабарлады С. Нұрпейісов.
Оның ақпараты бойынша, осындай заң бұзушылықтар үшін 866 лауазым иесі тәртіптік жауапқа, ал 299 әкімшіліктік жауапқа тартылды. Тексеру қорытындылары бойынша 7 қылмыстық іс қозғалды.
"Құқықтық арнайы есептік және статистика органдарында шаруашылық субъектілердің қызметіне тексеру жүргізу жөнінде 253 мың аса актісі тіркелген. 2007 жылы өртке қарсы және санитарлық эпидемиологиялық бақылау қызметтері ең көп көлемде тексерулерді жүргізген", - деді С. Нұрпейісов.
"Жиі жасалатын заң бұзушылықтар қатарында, мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз актілерді қабылдау, тексерулер тіркеусіз және оларға белгіленетін актілерді шығармау, кәсіпкерлерге алдын-ала тексеру жүргізілетіні жөнінде ескертулердің жасалмауы, кәсіпкерлерден тексеру қорытындыларын жасыру сияқты деректер бар", - деп атап өтті ол.
Мысалы, Павлодар облысының прокуратурасы тексеру актісін жүргізу жөнінде тиісті шешімсіз және оны өкілетті органдарында тіркелмей жүргізілген тексерулерді анықтаған.
"Сонымен қатар, еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің құзырлы қызметкерлері тиісті органдарда тексеру актілерін тіркемей, 11 шаруашылық субьектісін тексерген. Прокуратура облысы осыған қатысты құзырлы қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тартты", - деп түсіндірді прокурор.
Алматы облысы бойынша да тексерулер тиісті өкілетті органдарында тіркелмей, тексеру жүргізу тәртібін бұзған үшін, облыс прокуратурасы бақылау органдары қызметкерлеріне қатысты 21 әкімшіліктік іс қозғады.
Осыған ұқсас заң бұзушылықтар былтыр өртке қарсы және санитарлық эпидемиологиялық бақылау қызметтерінде орын алғанын Жамбыл облысының прокуратурасы анықтады. "Кәсіпкерлердің құқығын бұзған лауазымды қызметкерлері түрлі жауапкершілікке тартылды", - деді С. Нұрпейісов.