Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы және парламенттік "Нұр Отан" фракциясы бизнесті дамытуға арналған заңдарды бірлесіп жетілдіреді

"Біз, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы және парламенттік "Нұр Отан" фракциясы арасында бірлескен жұмыс жоспарына қол қойып отырмыз. Жоспарда 13 тармақ белгіледік, соған орай жұмыс істеп, үкіметке ұсыныстар әзірлейміз", деді журналистерге үзіліс арасында мәжіліс вице-спикері, фракция жетекшісі Дариға Назарбаева парламентте сейсенбіде.

"Біздің міндет, елбасы берген тапсырмаға орай заңдардағы және нормативтік-құқықтық базадағы олқылықтарды жою, яғни адамдарға бизнеспен айналысуға, жаңа іс ашуға, жер телімдерін алуға не кедергі болып отыр, соны жою", деді ол.

Д.Назарбаеваның айтуынша, бірлесіп кәсіби дайындық мәселелері туралы заң жобалары әзірленбек.


"Тұрғын үй коммуналды қарым-қатынастар заңдарына да қатысты түзетулер бар", деді ол.