Кәсіпкерлікті дамыту орталығының директоры 2 қызметкерімен парамен ұсталды


Осылайша, ақталып азар да безер болған басшы 250 мың теңгені жалға алынған бөлменің өтеуі деп отыр. Қаржы полицейлерінің айтуынша, директор, оның орынбасары мен бас есепшіден құралған қылмыстық топ сервистік қызмет көрсетуге бөлінген 3 млн теңгені қалталарына баспақ болған. Әуелдегі келісім-шартқа сәйкес, мердігер компанияға ай сайын 240 мың теңге төленіп тұруы тиіс-тін. Дегенмен парақор басшы атқарылған жұмыс актісіне қол қою үшін аталмыш соманың 60 пайызын, яғни, 140 мың теңгені қалтаға басуға талпыныпты.