«Кәсіпкерлікті қолдау»: Астанада сот орындаушысының алдында дәмхана иесі өзін атып өлтірді

Белгілі болғандай, қайғылы оқиға 16 тамыз күні Қарағанды мен Павлодар трассаларына апаратын айналма жолдың бойында болған екен.

"Қарағанды мен Павлодар трассаларының арасындағы заңсыз салынған дәмхананы сот шешімімен сот орындаушысы бұзу кезінде дәмхана иесі өзін атып өлтірді", - деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі.

Қазіргі таңда бұл оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.