Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, "Сайлау туралы" ҚР заңына сәйкес республикалық қоғамдық бірлестіктер президенттіктен үміткерлердің атын ұсыну құқығына ие.
Республикалық мәртебесі бар ірі салалық кәсіподақ ұйымдары осы құқықты іске асыруға шешім қабылдаған. Атап айтсақ, тау-кен өнеркәсібі, денсаулық сақтау саласы, мемлекеттік және банк мекемелері, қоғамдық қызмет көрсету, байланыс және теміржол саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдарының таяу уақыттарда өткізілетін құрылтайларында мемлекет басшысы лауазымынан үміткерлердің атын ұсыну мәселесі қаралмақшы.
"ҚР кәсіподақ ұйымдарының федерациясы сайлауға кәсіподақ ұйымдарының біртұтас тұғырнамасымен қатысады",- делінген хабарламада.
ҚР кәсіподақ ұйымдары федерациясының кезектен тыс құрылтайын шақыру туралы шешім 14-қыркүйекте кәсіподақ ұйымдары федерациясының бас кеңесінің отырысында қабылданады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстандағы кезекті президент сайлауы 2005-жылғы 4- желтоқсанда өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті