"Сыртқы қаржыландыруға қол жете бермейтін жағдайда, тұрғындар мен кәсіпорындар депозиттерінің өсуі Қазақстан экономикасының маңызды несиелендіру көзіне айналады", - деді К. Мәсімов. Бұған қоса ол "инвестициялар үшін, Қазақстан экономикасында ішкі ресурстар жеткілікті", деді.
"Инфляцияны тежеу үшін, Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізеді, ал үкімет салмақты фискалдық саясатты қамтамасыз етеді", -деп толықтырды премьер.
Ол сондай-ақ, үкіметтің елде инвестициялық ахуалды жақсартып, мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту үшін, экономикада жүйелі реформаларды жүргізуді жалғастыратынын атап өтті. "Бәсекелестікті дамытып, энергетика, көлік және теміржолдары, телекоммуникация мен желілер сияқты инфрақұрылымдарының сапасын арттыру мәселесіне ерекше мән беріледі", - деген пікірде.
К. Мәсімовтың пікірінше, -"Бұл шаралар экономика өндірісін көтеріп, оның диверсификациялауына да оңтайлы әсерін тигізеді".
Сондай-ақ, үкімет басшысы айтқанындай, үкімет ҚР Ұлттық банк және ҚР Қаржы ұйымдарын бақылау және реттеу агенттігімен бірлесе отырып "банк секторындағы сыртқы қарызды қысқартуға арналған шаралар қолға алады". "Сыртқы қарыздар елдің даму қарқынын қамтамасыз ету мақсатында ғана тартылады".
К. Мәсімовтың пікірінше, "банк секторында қарыз қоржынының сапасын жақсарту үшін тәуекел менеджментінің тиімді тәсілдері мен корпоративтік басқару қағидалары енгізіледі".
Премьер-министр атап өткеніндей, "тиісті шешім қабылдау үшін, Қазақстан үкіметі қаржылық жағдайды бақылап отыр".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті