Каскадер Қасым Жұмағожиннің өліміне байланысты іс тоқтатылды

Қалалық Полиция департаменті ер адамның жүрегі тоқтап өлгендіктен істі тоқтатқан, деп жазады ҚазАқпарат.

«Сот-медициналық сараптама Қасым Жұмағожиннің жүрегі тоқтап өлгенін көрсетті. Осыған байланысты қылмыстық іс тоқтатылды», − деді департаменттің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кету керек, қайғылы оқиға Алматыда болған еді.

3 қараша күні,
Хеллоуин түнінде
«ТСБ» түнгі клубында 34 жастағы жігіт асылып қалған адамды бейнелемек болған. Қойылым біткен соң актерді түсірген кезде жағдайы күрт нашарлаған. Оқиға орнына жедел жәрдем жеткенше каскадер көз жұмды.