Каспий теңізіне жақын маңда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулерін сейсмикалық станциялар желісі 23 сәуірде Астана уақытымен 00:09-да тіркеген.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 1913 шақырым жерде. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6. MPV магнитудасы - 4,4", - делінген хабарламада.