Каспийдің Әзербайжан жағында қуаты 4 баллдық жер сілкінісі тіркелді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның Ұлттық мәліметтер орталығы жазғандай, жер сілкінісі Астана уақытымен 30 желтоқсан күні түнгі сағат 01:14-те тіркелген.

«Жер сілкінісінің магнитудасы 4 балл», - деп хабарлады орталық.

Әзербайжанның баспасөз құралдары жазғандай, жер дүмпуі Каспийдің осы елдегі бөлігінде болған.