"Каспий" аймақтық әуе компаниясының ұшақтары үшін 191 млн теңге кеден төлемдерін төледі

2011 жылы аталмыш корпорация екі жолаушы ұшағын әкелген. "Каспий" кеден төлемдерін төлеуден босатылған болатын, өйткені бұл ұшақтар Ақтауда аймақтық әуе компаниясын құру жөніндегі инвестициялық жоба шеңберінде әкелінген еді.

Алайда әуе компаниясы құрылмай қалды, ұшақтар басқаларға сатылып кетті.

Осы орайда прокуратура ұсынысы бойынша кеден бақылауы департаменті оларды кеден төлемдерін төлеу туралы хабардар етті.

Кеден органының әрекеттері бойынша компания сотқа берген, олардың арызы қанағаттандырылмады.


Қазіргі уақытта "Каспий" бюджетке 191 млн теңгеден аса кеден төлемдерін төледі. Енді прокуратура одан өсімпұл өндірмек.