"Каспий" ӘКК 2008 жылы 10 инвестициялық жобаны жүзеге асырады

Оның сөздері бойынша, бүгінгі кезде ӘКК қоржынында 76 жобаның арызы жатыр. Оның 36 өңдеу кәсіпорны саласында, 15 инфрақұрылымды дамытуға арналса, 11 қызмет көрсету, 7 тау- кен өндірісі бойынша және 1- электр қуаты өндірісі салалары бойынша жүзеге асырылатын болады. 10 жоба ӘКК директорлар кеңесінің отырысы мен басқармасында биылғы жылдың 26 наурызында бекітілді.

Биылғы жылы іске асырылатын жобалар туралы басқарма төрағасының орынбасары Әділбек Күшеров әңгімеледі.

Ол атап өткеніндей, Маңғыстау облысында құны 6,6 млн теңгені құрайтын 5 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Нақтырақ айтқанда, ұн шығару зауытының құрылысы, биопрепараттарды шығаратын зауыт, Қазақстаннан экспортталатын тауарлардың тәуелсіз инспекциясын ұйымдастыру, шағын және орта бизнестің өндірістік паркін құру, су түбін тереңдету флотының техникалық базасын құру жоспарланған.

Сонымен қатар, Атырау облысының аумағында биылғы жылы бес жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Олардың қатарында гипсокартондарды шығаратын зауыт құрылысы, күкіртті сақтайтын ұлттық орталығы, Атырау цемент зауыты, техникалық және ас тұзын шығару зауытының құрылыстары және бекіре-тауар фермасын дамыту сияқты жобалар бар.