"Каспий" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы 2008 жылы күкіртті сақтайтын Ұлттық орталығын құру жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр

Оның сөздері бойынша мұндай орталықты құрудың мақсаты Атырау облысының экологиясына түсіп отырған ауыртпалықты азайтып, Қазақстанның күкірт ресурстарын басқару және күкіртті ұзақ мерзімді сақтаудың мәселесін шешу.

Б. Палымбетов атап өткеніндей, орталықты құруға ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі ат салысады. Бұл мекемелер мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылар мүддесінің сақталуына және табиғатты қорғау жөніндегі заңнамасының орындалуына қатысты бақылауын жүргізетін болады.

"Каспий" ӘКК жобаға техникалық қолдауын көрсетеді. Оған орталықты құру, қаржыландыру, жер учаскелерін бөлу жұмыстары, құрылыстарды жүргізу жөніндегі тендерін өткізу мен операторды таңдау сияқты жұмыстар кіреді.

ӘУУ басшысы атап өткеніндей, "Теңізшевройл" ЖШС бұл жобаның жүзеге асырылуына ат салысып, техникалық көмек көрсететін болады. Компания тұжырымды дайындау сатысында кеңес беріп, техникалық экономикалық негіздемесін қаржыландыратын болады.

Б. Палымбетовтың сөздері бойынша, "КИНГ" АҚ жобалық жұмысы мен орталықты пайдалану жұмысымен айналысып, оның экономикалық түрін құрып заңгерлік жауапкершілігін дайындайды.

Жобаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде(2008 - 2009 жылдары) техникалық-экономикалық негіздемесі жасалса, екінші кезеңінде (2009 - 2010 жылдары) жобалық қаржылық құжаты мен құрылысы жасалады.

Бірінші кезеңнің құны 337,4 млн теңгені немесе $2,8 млн құрауы мүмкін. Екінші кезеңге жұмсалатын қаржы мөлшері бірінші кезеңнің жұмыстары аяқталғаннан кейін анықталады. Б. Палымбетов атап өткеніндей, "КИНГ"АҚ бүгінгі кезде күкіртті сақтайтын Ұлттық орталықты құрудың бағдарламасын дайындады .

ӘКК еске салғанындай, 2008 жылдың 18 ақпанында ҚОҚМ және ЭМРМ "ҰК "ҚазМұнайГаз"АҚ, "КИНГ"АҚ, "ҰҚ"ӘКК "Каспий", Атырау облысының әкімдігі, "Теңізшевройл" ЖШС өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген алқа жиынын өткізді. Биылғы жылдың 26 ақпанында жоғарыда аталған компаниялар кірген жұмыс тобы құрылды.